Кіші “Көбелек”тобының тәрбиеленушілермен “Мамандықтар әлемі” атты ойын іс- әрекеті арқылы сатушы және аспазшы мамандықтарымен танысу.
Мақсаты:
Балаларды сатушы мен сатып алушының әрекеттерімен таныстыру. Ойыншықтарды атауға, «беріңізші», «рақмет» сөздерін қолдануға үйрету. Сөйлеу тілін дамыту, бірге ойнауға және ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Балаларды аспазшы мамандығымен таныстыру, ойын барысында тағам дайындау және дастарқан жаю әрекеттерін үйрету. Сөздік қорын дамыту, тазалыққа, ұқыптылыққа және бірге ойнауға тәрбиелеу.